Вид упаковки Амбробене
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии

Амбробене

Купить по низкой цене «Амбробене»
Форма Цена
7.5MG/ML 40ML №1 1356 тенге Купить
Купить по низкой цене «Амбробене»
Форма Цена
7.5MG/ML 100ML №1 599 тенге Купить

Добавить цены для препаратов от вашей аптеки

 

Инструкция по медицинскому применению

лекарственного средства

Амбробене®

 

Торговое название

Амбробене®

 

Международное непатентованное название

Амброксол

 

Лекарственная форма

Раствор 7.5 мг/мл, 40 и 100 мл

 

Состав

100 мл раствора содержат

активное вещество: амброксола гидрохлорид 0,7500 г,

вспомогательные вещества: калия сорбат, кислота хлороводородная 25% (для коррекции рН), вода для инъекций

 

Описание

Прозрачный от бесцветного до слегка желтовато-коричневого цвета раствор.

 

Фармакотерапевтическая группа

Отхаркивающие препараты. Муколитики.

Код АТС R05CB06

Фармакологическое действие

 

Фармакокинетика

После приема внутрь Амброксол практически полностью абсорбируется из желудочно-кишечного тракта. Максимальная концентрация в плазме крови препарата наступает через 1-3 ч. Связывание с белками плазмы крови составляет около 85%. Период полураспада составляет около 22 часов. Выделение происходит через почки на 90% в виде метаболитов и на 10% в виде неизмененного амброксола.

 

Фармакодинамика

Амбробене® нормализует измененную бронхолегочную секрецию, улучшает реологичес­кие показатели мокроты, уменьшая ее вязкость, облегчает выведение мокроты из брон­хов. Амбробене® способствует активации системы поверхностно активных веществ через прямое воздействие на пневмоциты типа 2 в альвеолах и Клара-клетки, стимулирует образование и выведение поверхностно активного материала (сурфактанта) в альвеолярной и бронхиальной области зародышевых и взрослых легких. Помимо этого, установлены антиоксидантные эффекты амброксола. После применения Амбробене® увеличивается концентрация антибиотиков в мокроте и бронхиальном секрете.

 

Показания к применению

Амбробене® применяется с целью секретолитической терапии при острых и хронических бронхопульмональных заболеваниях, при которых нарушается выделение и отхаркивание мокроты:

- острые и хронические бронхиты, пневмония

- бронхиальная астма с затруднением отхождения мокроты

- бронхоэктатическая болезнь.

 

Способ применения и дозы

Амбробене® раствор для приема внутрь и ингаляций дозируют с помощью прилагаемого дозировочного стаканчика.

ВНУТРЬ (принимают после еды с достаточным количеством теплой жидкости, например, с чаем или бульоном):

Взрослые и дети старше 12 лет: в первые 2-3 дня по 4 мл 3 раза в сутки, затем по 4 мл 2 раза или по 2 мл 3 раза в сутки.

Дети с 6 до 12 лет: по 2 мл 2-3 раза в сутки.

Дети от 2-5 лет: по 1 мл 3 раза в сутки.

Дети до 2-х лет: по 1 мл 2 раза в сутки

ИНГАЛЯЦИИ: раствор вдыхают с помощью ингалятора.

Дети до 2-х лет: по 1 мл 1- 2 ингаляции в день.

Взрослые и дети старше 5-ти лет: по 2-3 мл 1-2 ингаляции в день.

Длительность лечения зависит от особенностей течения заболевания. Не рекоменду­ется применять Амбробене® без врачебного назначения более 4-5 дней.

 

Побочные действия

Редко

- сухость во рту, гастралгии, тошнота, рвота

- слабость, головная боль

- реакции гиперчувствительности (кожная сыпь, отек лица, диспноэ, зуд)

- жар

Очень редко

- аллергические реакции, включая анафилактический шок.

 

Противопоказания

- повышенная чувствительность к амброксолу и/или другим компонентам препарата

- I триместр беременности

- фенилкетонурия

- язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки

Лекарственное взаимодействие

При одновременном применении Амбробене® и противокашлевых препаратов, возможно затруднение выведения мокроты из бронхов на фоне уменьшения кашлевого рефлекса.

 

Особые указания

При ограничении функциональной способности почек и/или при тяжелых заболеваниях печени Амбробене® нужно применять с особой осторожностью, умень­шая применяемую дозу и увеличивая время между приемами препарата.

Беременность и период лактации

Нет достоверных данных отрицательного влияния Амбробене® на плод и младенцев, использование препарата во II и III триместрах беременности и в период лактации возможно только после тща­тельного анализа соотношения польза/риск лечащим врачом.

Особенности влияния на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами

Не влияет на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.

 

Передозировка

Симптомы: возбуждение, диарея, повышенная саливация, рвота и гипотензия

Лечение: симптоматическая терапия.

 

Форма выпуска и упаковка

По 40 и 100 мл препарата во флаконы из темного стекла в комплекте с пипеткой и мерным колпачком вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.

Указания по хранению

Хранить при температуре не выше 25˚С.

Хранить в недоступном для детей месте!

 

Срок хранения

5 лет

Не применять после истечения срока годности!

 

 

Условия отпуска

из аптек

Без рецепта

 

Производитель

"Меркле ГмбХ", Германия

 

Владелец регистрационного удостоверения

"ратиофарм ГмбХ", Германия, Граф Арко штр. 3, 89079 Ульм

Адрес организации, принимающей на территории Республики Казахстан претензии от потребителей по качеству продукции (товара)

ТОО «ратиофарм Казахстан», 050000, г. Алматы, пр. Аль-Фараби, 13, БЦ Нурлы-Тау, 1В, офис 305, телефон: +7 (727) 311 10 66/68/73/75, Факс: +7 (727) 311 10 69

Адрес электронной почты: info@ratiopharm.kz

Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

Амбробене®

Саудалық атауы

Амбробене®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

7.5 мг/мл 40 және 100 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 0,7500 г амброксол гидрохлориді,

қосымша заттар: калий сорбаты, 25% хлор сутегі қышқылы (рН-ты түзету үшін), инъекцияға арналған су бар

Сипаттамасы

Мөлдір, түссізден сәл сарғыш-қоныр түске дейінгі ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер.

АТЖ коды R 05CB 06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішкеннен кейін Амброксол асқазан-ішек жолынан ic жүзінде толығымен сіңіріледі. Ең жоғары плазмадағы концентрациясы 1-3 сағаттан кейін байқалады. Плазмадағы ақуыздармен байланысуы тиісінше 85% құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 22 сағатты құрайды. 90% метабилиттер түрінде және 10% өзгермеген амброксол түрінде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амбробене® өзгерген бронхөкпе секрециясын қалыпқа түсіреді, қакырықтың тұтқырлығын азайта отырып, оның реологиялық көрсеткіштерін жақсартады және қақырықтың бронхтардан шығарылуын жеңілдетеді. Амбробене® альвеолда және Клара-жасушада 2 түрдегі пневмоциттерде тікелей әсер етуі арқылы үстірт белсенді заттар жүйесінің белсенуіне ықпал етеді, ұрықтың және ересектер өкпесінің альвеолярлы және бронхтық аймақта үстірт белсенді материалдың (сурфактант) түзілуін және шығарылуын көтермелейді. Бұдан басқа, амброксолдың антиоксидантты әсерлері анықталған. Амбробенені® қолданғаннан кейін қақырықта және бронхтық сөліністе антибиотиктердің концентрациясы артады.

Қолданылуы

Амбробене® қақырықтың бөлінуі мен тусуі бұзылатын

жедел және созылмалы бронхпульмональдық ауруларда секретолитикалык, терапия мақсатында қолданылады:

- жедел және созылмалы бронхиттер, пневмонияда

- қақырықтың түсуі қиындайтын бронхтық демікпеде

- бронхэктатикалық ауру.

Қолдану тәсілі және дозалары

Амбробене® ерітіндісін iшy және ингаляция үшін ұсынылған өлшеу стақанның көмегімен мөлшерлейді.

Ішу Үшін (тамақтанғаннан кейін жеткілікті жылы сұйықтық мөлшерімен, мысалы, шаймен немесе сорпамен қабылдайды).

Ересектер мен 12 үлкен жастағы балалар: алғашқы 2-3 күндері тәулігіне 3 рет 4 мл-ден, одан кейін 2 рет 4 мл-ден немесе тәулігіне 3 рет 2 мл-ден.

6-12 жастағы балалар: тәулігіне 2-3 рет 2 мл-ден.

2-5 жастағы балалар: тәулігіне 3 рет 1 мл-ден.

2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 1 мл-ден.

Ингаляциялар: Ингалятордық көмегі арқылы ерітіндімен тыныстайды.

2 жасқа дейінгі балалар: күніне 1-2 ингаляция 1 мл-ден.

2-5 жастағы балалар: күніне 1-2 ингаляция 2 мл-ден.

Ересектер мен 5 жастан асқан балалар: күніне 1-2 ингаляция 2-3 мл-ден.

Емдеу ұзактығы аурудың өту ерекшеліктеріне байланысты. Амбробене® ерітіндісін дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен асырып колдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ауыздың кеберсуі, гастралгиялар, жүрек айнуы, құсу

- әлсіздік, бас ауыруы

- сезімталдық реакциялар (бөртпе, бет ісіну, диспноэ, қышыма)

- дене қызыу

Өте сирек

- анафилактикалық шокты қоса аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амброксолға және/немесе препараттың басқа құрамдас
бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- жүктіліктің I триместрінде
- асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруында.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амбробене® және жөтелге қарсы препараттарды бір мезгілде қолдағанда, жөтел рефлексі азайғанда бронхтардан қақырық бөлінуі қиындауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің функционалдық қызметінің шектелуінде және/немесе бауырдың ауыр ауруларында қолданылатын мөлшерді азайтып, препаратты қабылдау аралығындағы уақытты көбейте отырып, Амбробенені® айрықша сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Амброксолдың ұрыққа және нәрестелерге жағымсыз әсерлерінің дәлелденген деректерінің болғаны жоқ, Амбробенені® жүктіліктің II және III триместрінде, сондай-ақ емізу кезеңінде емдеуді дәрігердің пайда/қауіп арақатысына мұқият талдау жасағанынан кейін ғана пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Белгілері: қозу, іш өту, көтеріңкі саливация, құсу және гипотензия

Емі: симптоматикалық терапия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы қақпағы, тығын-тамшылатқышы және өлшегіш стақаны бар қоныр түсті шыны құтыларда 40 және 100 мл-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

25оС-дан аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамды мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Меркле ГмбХ", Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

"ратиофарм ГмбХ", Германия, Граф Арко штр. 3, 89079 Ульм

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі талапты қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050000, Алматы қ., әл-Фараби даң.,13

Нұрлы-Тау БО, 1В, 305 офис,

телефон: +7 (727) 311 10 66/68/73/75, Факс: +7 (727) 311 10 69

Электронды поштаның адресі: info@ratiopharm.kz

Штрих-код: 4030096732673

z-index